
2026 жылдың 2 сәуір күні жазғы «Жастар–2026» спартакидасы аясында ұлдар мен қыздар арасында волейболдан аудандық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Жарыс Новоишим қазақ орта мектебі, Привольный орта мектебі, Пески орта мектебі, Новоишим аграрлық колледжі, #1 Новоишим орта мектебі спорт залдарында және Құлагер ФОК базасында өткізілді.
Іріктеу кезеңіне ауданымыздан 27 команда, яғни 200-ден астам оқушы қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті 💪
🏆 Финалдық кезеңге жолдама алған командалар:
👧 Қыздар арасында:
Новоселов орта мектебі
Новоишим қазақ орта мектебі
№2 Новоишим орта мектебі
👦 Ұлдар арасында:
#1 Новоишим орта мектебі
Урожайное орта мектебі
Калиновка орта мектебі
✨ Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жігерлері үшін алғысымызды білдіреміз!
🔥 Алда өтетін финалдық кезеңде барлық командаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!