
Құрметті ата-аналар!
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа өтініштерді қабылдау 29 маусымнан 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Балаңызды мектепке қабылдау үшін құжаттарды eGov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.
1-сыныпқа алты жастағы және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.
Өтініш беру үшін ата-ана (заңды өкіл) келесі құжаттарды тіркеуі қажет:
- № 065-у «Егу паспорты» медициналық анықтамасы
- № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» медициналық анықтамасы
- 3х4 см өлшемдегі фотосурет
eGov.kz веб-порталында өтініштер тәулік бойы қабылданады.
Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы өтініштер дүйсенбі мен жұма аралығында, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, қабылданады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша мектептерге жүгінуге болады.