
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы бойынша жұмыс «Калинов орта мектебінде» КММ 2026 жылдың 9 ақпанынан бастап жүргізілуде. Аталған жоба аясында «Калинов орта мектебі» КММ тірек мектеп болып табылады. Оған 5 магниттік мектеп қосылған: «Андреев орта мектебі» КММ, «Березов негізгі мектебі» КММ ,«Бірлік орта мектебі» КММ «Возвышен орта мектебі» КММ, «Раисов орта мектебі» КММ. Бұл педагогтердің кәсіби дамуына және оқыту сапасының артуына ықпал етеді. Жобаны жүзеге асыруға 31 педагог қатысуда. Сабақтарды әртүрлі мектептердің педагогтері өткізеді. Бұл білім беру үдерісін әртараптандырып, қызықты ете түседі. Әр сабақ өз ерекшелігімен, түрлі әдіс-тәсілдер мен жұмыс формаларын қолдану арқылы өткізіледі. Бұл оқушыларға оқытудың әртүрлі тәсілдерімен танысуға мүмкіндік беріп, сабақтардың қызықты өтуіне ықпал етеді.Сабақтар өткізілгеннен кейін педагогтер сабаққа өзіндік талдау жасайды, ал тірек мектептің педагогтері сабақтың сапасына қатысты кері байланыс береді. Кері байланыс әртүрлі форматта жүргізіледі: өткізілген сабақтарды талқылау, пікір алмасу және ұсыныстар беру. Бұл педагогтердің кәсіби дамуына және оқыту сапасының артуына ықпал етеді.