Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы А.А. Сураганованың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы А.А. Сураганованың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

27 наурыз 2026 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Сурағанова А.А., әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкім орынбасары Сапанов Б.А. және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімінің басшысы Қарабаева Э.М. қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес барысында аудан мектептеріндегі оқушылардың үшінші тоқсан бойынша білім сапасына талдау жасау мәселесі қаралды. Қатысушылар қол жеткізілген нәтижелерді талқылап, проблемалық тұстарды анықтап, білім сапасын арттыру жолдарын белгіледі.

Келесі кезекте өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін, патриоттық сезімін және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және осы бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.

Күн тәртібі аясында ауыл мектептерін дамытуға және қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар педагогикалық әдепті сақтау, сондай-ақ білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік және білім беру қызметтерін көрсету сапасы мәселелерін қозғады.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.