Бүгін 2026 жылғы 02 наурызда өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасының нәтижелері шықты.
2026 жылғы 2 наурыз күні Петропавл қаласында республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Ғ. Мүсірепов ауданы атынан 4 номинация бойынша 7 оқушы қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
«Әнші бұлбұлдар» номинациясы
Тахтаброд орта мектебінің 10-сынып оқушысы Гасникова Яна — І орын;
Калиновский орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ақанай Аруна — ІІ орын.
«Бейнелеушілер» номинациясы
Буденное орта мектебінің 11-сынып оқушысы Маленьких Арина — І орын
Гасникова Яна мен Маленьких Арина алдағы республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Жас дарындарға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Жарқын болашаққа бірге қадам басайық!