XV Республикалық «Импульс» көпжанрлы байқауында "Өнер мектебі" тәрбиеленушілерінің жеңісі

XV Республикалық «Импульс» көпжанрлы байқауында "Өнер мектебі" тәрбиеленушілерінің жеңісі

28 ақпанда Павлодар қаласында 15-ші Республикалық көп жанрлық «Импульс» байқауы өтті. "Өнер мектебі" КММ хореография және вокал кластарының тәрбиеленушілері белсене қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша «Браво» хореографиялық тобы «Өзбек биімен» бас жүлдені жеңіп алса, екінші орынды «Орыс биі» иеленді. Ұстазы Иванова Роза Серекжанқызы. Вокал бойынша Гран-при иегері Ғалымжан Дәрия, ұстазы Домашева Аида Серікқызы және екінші орын иегері Петров Артем, ұстазы Конкашова Гүлмира Сыздыққызы. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!