5–6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары жаңа жетістіктерге қол жеткізді.

5–6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары жаңа жетістіктерге қол жеткізді.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында аудан мектептерінің оқушылары өз білімдерін лайықты деңгейде көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жетістіктер қоржынында — 3 жүлделі орын. 📚✨
Олимпиада жүлдегерлері:

- № 1 Новоишим орта мектебінің 6-сынып оқушысы Назымбек Мирас — ағылшын тілі пәнінен II орын;
- № 2 Новоишим орта мектебінің 6-сынып оқушысы Кенжеболат Нариман — математика пәнінен III орын;
- Нежинка орта мектебінің 6-сынып оқушысы Нурканова Рамина — орыс тілі мен әдебиеті пәнінен II орын. 🏆
Жас зияткерлерімізді және олардың жетекші ұстаздарын лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Оқушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар, биік белестерді бағындыруға сәттілік тілейміз! 🎉📖