2026 жылдың 26 ақпанында Тахтаброд ауылы елді мекеніндегі Тахтаброд орта мектебі базасында «Ақшақар–2026» қысқы спартакиадасы өтті.

2026 жылдың 26 ақпанында Тахтаброд ауылы елді мекеніндегі Тахтаброд орта мектебі базасында «Ақшақар–2026» қысқы спартакиадасы өтті.

Аталған спартакиада аясында шорт-трек және шаңғы жарыстары ұйымдастырылды. Бұған дейін хоккей, футзал және қысқы президенттік көпсайыс жарыстары өткізілген болатын. Бүгінгі жарыс – қысқы спорт маусымының жарқын қорытындысы болды.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Қарабаева Эльмира Мирзахметовна құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі — Конқабаев Ербол Сейтболатович.
Жалпы спартакиадаға 600-ден астам оқушы қатысты.
🏆 Командалық есеп бойынша:
🥇 I орын – #1 Новоишим орта мектебі
🥈 II орын – Чистапол орта мектебі
🥉 III орын – Раисовка орта мектебі
Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға, білім мен спортты қатар алып жүрген жас спортшыларымызға және оларды дайындаған ұстаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз!