
2026 жылғы 19 ақпанда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында РМК әдіскері Исентемирова М.Н. Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараға ауданның әдіскерлері, педагогтері және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері қатысты. Барлығы 158 педагог қамтылды.
Ақпараттық сағат барысында Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Педагог мәртебесі туралы» және «Білім туралы» заңдарының негізгі ережелері қарастырылды. Қатысушыларға білім беру процесі субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бірізді түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.