Аудан оқушылары облыстық олимпиадада үш жүлделі орынға ие болды

Аудан оқушылары облыстық олимпиадада үш жүлделі орынға ие болды

Бүгін 7–8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындылары жарияланды. Біздің жас зияткерлеріміз өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, аудан қоржынына 3 жүлделі орын сыйлады!
🏆 Жүлдегерлеріміз:
* Потибенко Виктория, № 1 Новоишим орта мектебінің оқушысы — ағылшын тілі пәнінен II орын
* Чегодаева Мария, Нежинка орта мектебінің оқушысы — орыс тілі мен әдебиеті пәнінен III орын
* Клют Владимир, Возвышенка орта мектебінің оқушысы — география пәнінен III орын
Жас өрендеріміз бен олардың жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!