
2026 жылдың 9 ақпанында аудандық мәдениет орталығында оқушылар мен Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің өкілдері арасында кездесу өтті. Іс - шараға аудан мектептерінен, сондай-ақ жақын маңдағы білім беру мекемелерінен түлектер мен 10- сынып оқушылар қатысты. Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларды полициядағы мансап туралы ақпараттандыруға бағытталған кәсіби бағдар беру іс - шараларын өткізді. Қатысушыларға Ішкі істер министрлігінің білім беру мекемелеріне қабылдау талаптары, үміткерлерге қойылатын талаптар, қызметтің ерекшеліктері, әлеуметтік жеңілдіктер және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Кәсіби жауапкершілік, тәртіп және қоғамға қызмет етудің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді және жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырады.