2026 жылғы 26 қаңтарда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Кіші мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру үшін бастауыш мектептегі қазіргі заманғы сабақта ізденіс қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық панорамалық сабақтар конкурсының қорытындысы шығарылды.
Конкурс нәтижесі бойынша «№ 1 Новоишим орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Алексеенко Людмила Анатольевна Гран-приді жеңіп алды. Жеңімпаз кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін, әдістемелік сауаттылығын және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдануды көрсетті.