
2025 жылғы 23 қарашада өскелең ұрпақтың бойында "Заң және тәртіп" қағидатын қалыптастыру, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық санасын арттыру және ЖҚЕ қатаң сақтайтын жүргізушілердің оң имиджін ілгерілету мақсатында №1 Новоишим орта мектебінің, №2 Новоишим орта мектебінің және қазақ орта мектебінің жас жол инспекторлары отрядтарының мүшелері мен еріктілері "Үлгілі жүргізуші – 2025" республикалық акцияға қатысты . Акция барысында жас жол инспекторлары жүргізушілерге бастауыш сынып оқушылары алдын ала дайындаған "Рульде мұқият бол" атты балалар суреттері мен жадынамаларын табыс етті. Еріктілер жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігін еске салатын парақшалар таратты.
Өткен жылы Жол қозғалысы ережелерін бұзбаған жүргізушілерге алғыс хаттар табысталды.
Өткізілген іс-шара оқушыларға жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын және жолдағы қауіпсіздік қозғалысының әрбір қатысушысының жеке жауапкершілігін айқын көрсетті.