9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Біздің оқушылар үшін бұл кезең табысты өтті — ұсынылған 6 ғылыми жұмыстың 4-еуі жүлделі орындарға ие болды!
🏆 Дарынды оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Нәтижелер төмендегідей:
🥇 1 орын — Шарбек Амина, Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі
🥈 2 орын — Рахимжанова Тамилла, № 1 Новоишим орта мектебі
🥉 3 орын — Лебедева Анастасия , Ставропол орта мектебі
🥉 3 орын — Базарбай Мадина , Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі
📄 Абилькина Мерей , Привольное орта мектебінің оқушысы, қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
👏 Бұл нәтижелер — оқушыларымыздың табандылығының, ғылыми-зерттеуге қызығушылығының және жоғары дайындық деңгейінің айқын көрсеткіші. Жас зерттеушілерімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!