
12–13 қараша күндері 5–6 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды балаларды қолдау және олардың білімге деген қызығушылығын арттыру.
✨ Оқушылар жоғары белсенділік танытып, өз күштеріне сенімді болды. 📄 Олимпиада қорытындылары хаттамаларда көрсетіліп, мектептерге жіберілді.
🏆 Ең жоғары балл жинаған оқушылар аудан намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады.
Жас зияткерлерімізге сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!