
13 қарашада ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті! 🌟
🎓 Биыл біздің аудан білімге деген ынтасы мен табандылығын, жоғары білім деңгейін көрсеткен 23 дарынды оқушысымен мақтана алады!
👏 Оқушыларды шын жүректен құттықтап, ақ тілегін білдірген аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Анбаев ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін ерекше атап өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімі атынан ақшалай сыйақылармен , грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
🎁 «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ жас зияткерлерге көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін ерекше алғыс білдіреміз!
💫 Бұл жетістіктер жаңа белестерге жетелеп, әрбір оқушының білім мен табыс жолында нық қадам басуына шабыт берсін!