Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі

2025 жылдың 28–29 қазан күндері 9–11 сынып ауыл мектептерінің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

💡 Биыл біздің мектептердің 90 оқушысы аудандық кезеңнен сәтті өтіп, облыстық деңгейде өз білімдерін лайықты қорғады.
Олимпиада екі турда өткізіліп, пәндер жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар білімге деген құштарлығын, жеңіске деген жігері мен сенімділігін көрсетті.
👏 Дарынды оқушыларымызға алдағы уақытта зор табыстар, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!