IQanat олимпиадасы: алғашқы кезең аяқталды!

IQanat олимпиадасы: алғашқы кезең аяқталды!

Ауданның барлық мектептерінен келген 300-ден астам сегізінші сынып оқушысы қатысқан IQanat олимпиадасының І кезеңі өз мәресіне жетті! 💪
Жас қатысушылар өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар мақсатқа ұмтылысын, оқуға деген ынтасын және өз күшіне деген сенімін көрсетті. 🌈
Өткен жылдардағы олимпиаданың финалистері мен IQanat High School of Burabai мектебінің оқушылары еріктілер ретінде қатысып, олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. 🤝 Олардың қолдауы, энергиясы мен ізгі ниеті шабыт пен бірлік рухын қалыптастырды! 💫
✨ Бұл бастама жаңа ашылулар мен жетістіктерге жол ашсын!
Ауылдан - арманға! 🚀