2025 жылғы 1 қазан күні 8–11 сынып оқушылары арасында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, дарынды балаларды қолдау және ғылымға деген қызығушылықты арттыру.
Аудандық кезеңде әртүрлі бағыттар бойынша 20-дан астам жоба ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар анықталды, ал жеңімпаздар ауданымыздың намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады.
Қатысушыларды құттықтаймыз және келесі деңгейде табыстар тілейміз!