2025 жылғы 19 қыркүйекте № 2 Новоишим орта мектебі базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқауға ауданымыздың білім беру ұйымдарынан 26 оқушы қатысып, мәнерлеп оқудан, көркем сөз, ұлттық аспапта ойнау, эссе жазу сынды номинациялар бойынша өзара бақ сынасты.
Бұл байқау жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашып, ұлттық мәдениетімізді сақтап, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Талантты оқушыларымыз көркем сөз бен ақындық өнер арқылы бізді тәнті етті!
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз! «Ақберен» байқауы жас дарындарға жаңа мүмкіндіктер мен шығармашылық шыңдарын бағындыруға жол ашады!
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар алдағы уақытта облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.