2025 жылдың 2–6 маусым аралығында ауданымызда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бағыттағы бір күндік палаткалы лагерь ұйымдастырылды.
Іс-шара ауданымыздағы 30 мектептің алғашқы әскери технология пәні мұғалімдерінің бастамасымен өтті. Лагерьге 771 оқушы қатысты.
3 маусым күні, Мемлекеттік рәміздер күніне орай арнайы тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухын арттыруға бағытталған мазмұнды бағдарламалар өткізілді.