Түзеу кабинетінде «Балаларды қорғау күні» мерекесі өтті

Түзеу кабинетінде «Балаларды қорғау күні» мерекесі өтті

2025 жылғы 30 мамырда Түзету кабинетінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын әрі жанға жайлы шара өтті. «Күн шуақтарын іздейміз» атты символикалық атауға ие болған бұл мереке балаларды, ата-аналарды және қонақтарды мейірімділік, қамқорлық пен қуанышқа толы ортада біріктірді.

Іс-шараға ерекше мән беріп, балаларға қуаныш сыйлаған құрметті қонақ – «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Минашева К.Н. болды. Ол балаларға естелік сыйлықтар мен тәттілер табыстап, кішкентай қатысушылар үшін күтпеген тосынсый жасады. Бұл сәт олардың көңілінен ерекше орын алды.

Түзету кабинетінің басшысы Киреева А.К. белсенді ата-аналарға іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс хаттар табыстап, ризашылығын білдірді.

Мереке барысында балалар әртүрлі ойын тапсырмаларын орындап, байқауларға қатысып, ән айтып, би билеп, әр сәттен ләззат алды. Бұл күн жағымды эмоциялар мен жылы қарым-қатынастың, өзара қолдаудың шынайы көзіне айналды. Мұндай іс-шаралар әр балаға көңіл бөлу мен махаббаттың маңыздылығын еске салады. Себебі дәл осындай игі істер мен шынайы қамқорлықтан, күлімдеген жүздерден жүректі жылытатын, үміт сыйлайтын «күн шуақтары» пайда болады.