Панчурин Андрей Владимировичті еске алуға арналған әскери-патриоттық турнирі

Панчурин Андрей Владимировичті еске алуға арналған әскери-патриоттық турнирі


2025 жылы 28 мамыр күні «Тахтаброд орта мектебі» КММ базасында алғашқы әскери даярлық пәнінің педагогі, Уражаеное және Тахтаброд орта мектептерінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ұстаз әрі тәлімгер Панчурин Андрей Владимировичті еске алуға арналған турнир өткізілді.
Іс-шараға 12–17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Турнир «Жас сарбаз» қоғамдық әскери-патриоттық қозғалысының балалар-жасөспірімдер клубтары арасында ұйымдастырылып, серіппелі-поршенді пневматикалық мылтықпен практикалық ату бойынша өткізілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын көтеру, әскери дайындық деңгейін арттыру және Панчурин Андрей Владимировичтің жас буынға сіңірген еңбегін ұлықтау.