
Аудандық «Мерейлі отбасы» конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа өзін – өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (бұдан әрі-үміткерлер) қатысады. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа отбасылар қатыспайды:
* Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелер;
* бұрын сотталған мүшелер.
Байқаудың ұйымдастырушысы «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 15 мамыр және 15 маусым аралығында Ғ.Мүсрепов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне Абылайхан көшесі 11В беріледі. Барлық сұрақтар бойынша 8(715-35)22-6-06, 87772613869 телефондарына хабарласуға болады. Өтінімдерді жіберу: ovp_musrepova@mail.ru, ddemey@bk.ru