Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында "Халықтар достығы" фестивалі

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында "Халықтар достығы" фестивалі

1 мамыр күні Новоишимское ауылының орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында Халықтар достығы фестивалі өтті. Іс-шара ауданның этномәдени бірлестіктерінің "Күн сәулесі" түрінде шығуымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Б. А. Сапанов тұрғындарды мерекемен құттықтап, этномәдени бірлестіктерді ұлтаралық бірлік пен келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Одан кейін этномәдени бірлестіктердің ұлттық мәдениеттердің тұсаукесері өтті. Өнер мектебі мен Мәдениет үйі мерекелік концерт қойды.