
А.ж. 23 сәуірінде орталық аудандық кітапханада этносаралық қатынастар саласындағы облыстық мониторингтік топтың мүшесі Б.С. Мұқанованың ауылдық округтердің әкімдерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, қоныс аударушылармен, медиаторлармен «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында кездесуі өтті. Іс-шараға қатысушыларға этносаралық келісім мен бірлікті нығайту, этносаралық қатынастарды үйлестіру, қазақстандық патриотизмді дамыту, медиаторлардың көмегімен даулы мәселелерді реттеу туралы ақпарат жеткізілді.