Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты көркем сөз байқауы

Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты көркем сөз байқауы
Аудандық Мәдениет үйінде Жыр дүлділі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты көркем сөз байқауы болып өтті.
Қатысушылардың жас ерекшелігі: 6-11,12-17 санаты бойынша 18 балалар қатысты.
6-11 жас аралығында 1- орынды №2 Новоишим орта мектебінен Кенжеболат Айару. 2 - орын №1 Новоишим орта мектебінен Нурмамадов Амир, 3- орын Новоишим қазақ орта мектебінен Қонысбай Жанерке.
12-17 жас аралығынан 1 - орын Новоишим қазақ орта мектебінен Шарбекова Аяулым, 2 - орын №2 Новоишим орта мектебінен Сейлханова Аңсар, 3 - орын Новоишим қазақ орта мектебінен Базарбай Мадина иеленді. Барлық қатысушыларға диплом және естелікке сыйлықтар табысталды.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.