Қадыр Мырза Әлі ағамыздың 90- жылдық мерей тойына арналған «Өз елім менің» атты әдеби музыкалық кеші

Қадыр Мырза Әлі ағамыздың 90- жылдық мерей тойына арналған «Өз елім менің» атты әдеби музыкалық кеші

Аудандық Мәдениет үйінде мысқылы мірдің оғындай, жазғаны жасын отындай халқы құметтеп қазақтың Қадірі атанған Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлі ағамыздың 90- жылдық мерей тойына арналған «Өз елім менің» атты әдеби музыкалық кеші болып өтті. Әдеби музыкалық кешке Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары: Кәусар Ергеш "Өмір пернесі", Мансүр Сүлейменов "Домбыра", Амина Шәрібекова "Бақыт", Нұрайым Шәрібекова "Өмір", Жанерке Қонысбай "Ана", Ақмаржан Ерболат "О тіршілік не берсеңде арнап бер" өлеңдерін оқыды. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары: Ш. Сабақ, Л. Божатова, А. Дәріпхан, Г. Кулманова және "Балдырған" балалар вокал үйірмесінен Томирис Муканова, Нурай Рифкат Қазыр Мырза-Әлінің сөзіне жазылған әндерді орындады. Әр оқушыға жан дүниесін нұрландырған, жүрегіне шапағат нұрын төккен, 45 жыл ұлағатты ұстаз еткен, ауданымыздың құрметті азаматы Тасмағанбетова Мариям Манапқызына сөз берілді. Және аудандық Мәдениет үйінің директоры Н.А. Синдякина мерекемен құттықтап жылы лебізін білдіріп қатысқан оқушыларға Алғыс хат ұсынды.