Жаңа жылдық шыршаның жағылуы!

Жаңа жылдық шыршаның жағылуы!

26 желтоқсан күні ауданымыздың орталық алаңында жаңа жылдық шыршаның салтанатты жағылуы өтті. Мерекеде аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарынан құралған, Аяз Ата мен Ақшақар ,ертегі кейіпкерлері қызықты сайыстар мен ойындар дайындады. Балаларды түрлі қысқы ойындар, шыршаның айналасында дөңгелек билер күтіп тұрды.Тұрғындар атап өткендей, биыл алаңда жаңа жылдық атмосфера құрылды. Жаңа жылдық кейіпкерлердің керемет фигуралары орнатылды. Мекеме қызметкерлерінің күшімен қар мүсіндері тұрғызылды. Келе жатқан Жаңа 2025 жыл жаңа нұр ала келсін Қуанышқа құшағы тола берсін. Ескі жылың есіркеп көкейіңде Қимас шақтың бірі боп қала берсін!