"Unistar ASTANA" дәстүрлі балалар шығармашылық байқауы

"Unistar ASTANA" дәстүрлі балалар шығармашылық байқауы
Жетекшісі Титова Елена Юрьевна бастаған Аудандық Мәдениет үйінің "Энкор" би ұжымы Астана қаласы, Оқушылар сарайы өткізетін "UnistarASTANA" дәстүрлі балалар шығармашылық байқауына қатысты.
Қазіргі заманғы, қазақ және түрік халықтық үш би нөмірі ұсынылды, түрік халықтық би нөмірі біздің қыздарымыздың өнерінде үздік атанды және конкурстың "Гран-при" жоғары орнына ие болды.
"Энкор" ұйымшыл, жарқын ұжымы аудан мен облыс көрермендерін қызықты билерімен және жаңа костюмдерімен әр жыл сайын  қуантып отыр.