
Аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтті
Құрметті медицина қызметкерлері!
Сіздің мамандығыңыз әрқашан қиын да, абыройлы болды. Адамгершілік, кәсіби шеберлік пен жауапкершілік — күнделікті еңбегіңіздің негізі. Халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, табыс пен амандық тілейміз!
Салтанатты шарада аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Аңбаев пен аудандық аурухананың уақытша директоры Виталий Владимирович Авраменко құттықтау сөз сөйледі.
Мәдениет қызметкерлері мерекелік концерт тарту етті.