Рузаевка Мәдениет үйі – Гран-при иегері!

Рузаевка Мәдениет үйі – Гран-при иегері!

Рузаевка Мәдениет үйі – Гран-при иегері!

Қуана хабарлаймыз: Габит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка Мәдениет үйі республикалық байқау нәтижесінде «Ауылдық маңызы бар ең үздік мәдениет мекемесі» номинациясы бойынша Гран-при иегері атанды!

Бұл мәртебелі марапат — мекеме ұжымының көпжылдық еңбегінің, шығармашылыққа деген адалдығы мен кәсіби біліктілігінің жоғары бағалануы. Рузаевка Мәдениет үйі ауыл өмірінің мәдени ошағы ретінде танылып, дәстүрді сақтап, өнерді өркендетуге, рухани құндылықтарды дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мекеменің табысты жұмысына атсалысып жүрген барлық қызметкерлерге, көркемөнерпаздарға, ауыл тұрғындары мен мәдениет жанашырларына алғыс білдіреміз!

Жеңіс құтты болсын!
Алда — жаңа шығармашылық белестер!