ХАБАРЛАМА!!!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына, Глубокое ауданы әкімінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 02 «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне, Глубокое аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 Наурызда № 05 «Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын құру және тарату туралы» қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық мәслихаты жаңадан құрылған № 1191 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру және Глубокое ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін кеткендердің орнына ауыстыру жөніндегі жұмысты бастайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 4 сәуірден бастап 21 сәуірге дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірмені;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштерін.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс;
Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата – аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары (әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін ауыстыру бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 21 сәуірге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Глубокое аудандық мәслихаты
Калигожин Алтай Советханович – Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 11а, 13-кабинет.
Жауапты тұлға: Біткенбаева Айжан Сейтқанқызы, № 18 кабинет, қалааралық телефон коды (87233122790), ұялы телефон 87053019763, факс (872331)22790, электрондық пошта мекенжайы: a.bitkembaeva@akimvko.gov.kz.
Глубокое аудандық мәслихаты жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды
Сайлау учаскесінің нөмірі
|
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
1191 |
Прапорщиково ауылы ШҚО білім басқармасының Глубокое ауданының білім бөлімі «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ |
7 |
Учаскелік сайлау комиссияларынан босатылған мүшелердің тізімі:
№ 496 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 адам:
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан;
№ 505 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 адам:
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық филиалынан;
№ 509 учаскелік сайлау комиссиясы – 4 адам:
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан;
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан;
«Қазақстанның» АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан.
Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Учаскелік сайлау комиссияларын құру және тарату туралы» және «Сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату және кеткендердің орнына тағайындау туралы» қаулыларымен МО ИРБП порталында - Глубокое ауданының әкімдігі – «Сайлау» бөлімінде танысуға болады.