Глубокое аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясын өткізу қорытындылары туралы

Глубокое аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясын өткізу қорытындылары туралы

2024 жылғы 21 ақпанда Глубокое аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясының отырысы өтті.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Глубокое ауданының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есеп.

2. Аудан аумағында ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жағдайы туралы ақпарат.

3. Агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, өңірлік даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

4. Әртүрлі:

1) Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/8-VІІІ «Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V «Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін жою туралы;

2) Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 15/7-VI «Қылмыстық жазалау және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелер мен органдардың, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмек көрсетуге ықпал ету жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

 3) Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 10/13-VI «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру үшін аудандық арнайы комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/10-VI «Аудандық бюджеттік комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Е. В. Старенкова сөз сөйлеп, ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы айтты. Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Литвиненко Е.Н. аудан аумағындағы ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндады. Тұрақты комиссияның төрағасы С. М. Садықов мәслихаттың тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есеп берді.

Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы мәслихат шешімінің күші жойылды. Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі комиссияның, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастырудың дербес құрамы бекітілді. Аудандық мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.