Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

2026 жылғы 1 қазанда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар Глубокое ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы шешімге, сондай-ақ Глубокое ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы шешімге өзгерістер енгізу мәселелерін қарады.

Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.