Кезекті 40-сессиясы өтті

Кезекті 40-сессиясы өтті

Глубокое аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті 40-сессиясы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және аудандық мәслихаттың қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

Бірінші мәселе бойынша Глубокое ауданының әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.Екінші мәселе бойынша Глубокоеауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есеп қаралды. Ақпаратпен Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Елена Васильевна Старенкова сөз сөйледі. Сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Депутаттар Глубокое ауданында 2023–2025 жылдары сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты тыңдады.

Сонымен қатар депутаттар келесі мәселелерді қарады:

  1. Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31/2-VIII «Глубокое ауданының кенттері, ауылдары және ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;

  2. Әлеуметтік даму, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп және депутаттық өкілеттіктер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі;

  3. Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/8-VII «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының «Аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу;

  4. Глубокое аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16/3-VII «Глубокое аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу;

  5. Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/4-VIII «Глубокое аудандық мәслихатының VIII шақырылымының тұрақты комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу;

  6. Глубокое аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 33/9-VIII «Жер учаскелерін меншікке және (немесе) жер пайдалануға беру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.