Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы

Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы

Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясын өткізу қорытындылары туралы ақпарат

 

 

2026 жылғы 31 шілдеде Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының отырысы өтті.

Сессия жұмысына 9 депутат, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, аудандық басқармалар мен дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселе қаралды:

  1. Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/2-VIII «Глубокое ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтыру туралы аудан әкімінің орынбасары Литвиненко Евгения Николаевна баяндады. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттің параметрлерін нақтылау үшін бюджет және салық заңнамасының өзгеруіне байланысты кіріс бөлігінің төмендеуі негіз болып табылады. Бюджеттің кіріс бөлігінің төмендеу себептері: ірі кәсіпкерлік субъектілерінен корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібінің өзгеруі; жеке табыс салығы бойынша салық шегерімінің мөлшерінің ұлғаюы; әлеуметтік салықты есептеудің жекелеген тетіктерінің өзгеруі болды.

Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.

 

Глубокое аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           А. Калигожин