Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту болды.

Аудандық бюджеттің, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы, сондай-ақ Глубокое ауданының даму жоспарының іске асырылуы туралы баяндамамен Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Евгения Николаевна Литвиненко сөз сөйледі. Баяндама барысында бюджеттің орындалуының негізгі көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу нәтижелері және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары таныстырылды.

Аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша қорытындыны Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Дүйсенбинович Ахметов ұсынды. Қарау қорытындысы бойынша депутаттар аудандық бюджеттің, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есепті бекітті.

Глубокое ауданындағы спорт секцияларының, үйірмелер мен мәдени-демалыс орталықтарының желісін дамыту мәселесі бойынша Глубокое ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Расул Азаматұлы Мехлисов баяндама жасады.

Аудандағы медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы туралы ақпаратпен Глубокое орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Мирхат Фархатович Увазыров сөз сөйледі. Талқылау барысында медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мәселелері қаралды.

Қосымша мәселелрді қарау барысында депутаттар Глубокое аудандық мәслихатының «2026–2028 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізді, сондай-ақ депутаттар агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, өңірлік даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебін тыңдады.