Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының отырысы өтті

Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының отырысы өтті

2026 жылғы 17 наурызда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібі:

  1. Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/4-VIII «Глубокое аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы;
  4. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру туралы;
  5. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы.

Бірінші мәселе бойынша Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Евгения Литвиненко баяндама жасап, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің көрсеткіштерін нақтылау бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ, депутаттар мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістерді қарады және бекітті, қызмет бағыттары мен отырыстар кестесін нақтылады. Сессияның қалған мәселелері бойынша кадрлық өзгерістерге байланысты комиссиялардың құрамы бекітілді.

Нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.