Глубокое аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан тұрғындарының назарына
2026 жылғы 17 наурызда сағат 09.30-да Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Ұсынылатын сессияның күн тәртібі:
- Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/4-VIII «Глубокое аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы;
- Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру туралы;
- Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы.
Глубокое аудандық
мәслихатының төрағасы А. Калигожин