Глубокое аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясының отырысы өтті

Глубокое аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясының отырысы өтті

 

25 ақпанда Глубокое аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы өтті, оның барысында ауылдық аумақтарды дамытудың, кәсіпкерлікті қолдаудың және медициналық қызмет көрсету сапасының өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс шеңберінде күн тәртібі ұсынылды:

  1. Березовка және Веселовка ауылдық округтері әкімдерінің оларға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
  2. Глубокое ауданының аумағында АӨК саласындағы шағын және орта бизнесті субсидиялау және қолдау және кооперативтерді дамыту мәселелері туралы.
  3. Ауданның медициналық ұйымдарында медициналық қызмет көрсету сапасы туралы ақпарат.
  4. Ә түрлі:

1) Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;

3) Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

«Глубокое ауданының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/12- VIII;

4) Глубокое ауданының Жастар істері жөніндегі кеңестің жеке құрамын бекіту туралы;

5) Жерді меншікке және (немесе) жер пайдалануға беру жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы;

6) Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31/3 – VIII «Глубокое ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Бірінші мәселе бойынша: Талғат Қабденұлы Таганбеков — Березовка ауылдық округінің әкімі және Ғабит Ахметұлы Ксембаев - Веселовка ауылдық округінің әкімі сөз сөйледі. Әкімдер өз сөздерінде депутаттарды округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ халықтың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

АӨК саласындағы шағын және орта бизнесті субсидиялау және қолдау мәселелері туралы екінші мәселе бойынша: Капатаев Ернар Ерболатұлы — «Глубокое ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы және Антипина Анна Ивановна — «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы сөз сөйледі. Баяндамашылар қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялау тетіктері, құжаттарды ресімдеу және жер учаскелерін беру кезіндегі өзекті тетіктер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпаратты берді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе баяндамашының болмауына байланысты алынып тасталды (іссапар) және келесі отырысқа ауыстырылды.Сонымен қатар, сессия барысында келесі бағыттар бойынша шешімдер қаралды және қабылданды:

Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Глубокое аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша депутаттар бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің жекелеген көрсеткіштерін нақтылады, сондай-ақ ауданның ағымдағы қажеттіліктері мен басым міндеттерін ескере отырып, бюджет қаражатын қайта бөлуді жүргізді.

Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселені қарау шеңберінде өзектілігін жоғалтқан, не қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген нормативтік құқықтық актілердің күшін жою туралы шешім қабылданды.

«Глубокое ауданының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/12- VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе бойынша кадрлық ауысуларға байланысты комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.

Депутаттар Глубокое ауданының Жастар істері жөніндегі кеңестің жеке құрамын бекітті, оның қызметі жастар саясатын іске асыруға, жастардың бастамаларын қолдауға және қоғамдық белсенділікті дамытуға бағытталған.

Бұдан басқа, жер учаскелерін бөлу мәселелерін қарау кезінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ететін жерді меншікке және (немесе) жер пайдалануға беру жөніндегі комиссияның жеке құрамы бекітілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.