
17 ақпанда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті, оның барысында «Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/17-VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе қаралды.
Бұл өзгеріс комиссиялардың жеке құрамын жаңартуға қатысты болды. Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады.