
23 желтоқсанда Глубокое аудандық мәслихатының отыз бірінші кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыста күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:
Күн тәртібінің бірінші және екінші мәселелері бойынша Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау басшысының міндетін атқарушы Дәурен Қадылқанұлы Қалижаров баяндама жасады, ол алдағы үш жылдық кезеңге арналған кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің негізгі параметрлерін, сондай - ақ Глубокое ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының негізгі бағыттары мен нысаналы көрсеткіштерін ұсынды.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсынуға байланысты "Глубокое ауданының тұрғындарын әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша келісім жасасу туралы" мәселе қарауға дайын емес деп танылды және депутаттардың шешімі бойынша күн тәртібінен алынып тасталды.
Қаралған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.