2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 09.00-де Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Ұсынылатын сессияның күн тәртібі:
1. 2026-2028 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттер, ауылдар және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы;
2. 2026-2030 жылдарға арналған Глубокое ауданының даму жоспарын бекіту туралы;
3. Глубокое ауданының халқын әлеуметтік-экономикалық қолдау жөнінде келісім жасасу туралы.
Глубокое аудандық
мәслихатының төрағасы А. Калигожин