2025 жылғы 26 қарашада сағат 09.00-да Глубокое аудандық әкімдігінің ғимаратында (Глубокое к., Попович көш.11а) Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Ұсынылатын сессияның күн тәртібі:
- Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 19/2-VIII «Глубокое ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
- Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 15/11-VIII «Глубокое ауданының терроризмге қарсы комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.