
2025 жылғы 31 қазанда Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына 9 депутат, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілі қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
Сессия отырысына материалдарды дайындау кезінде «Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша материалдарды толық көлемде дайындамауға байланысты келесі отырысқа ауыстырылып, сессияның күн тәртібінен алынды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Калижаров Даурен Кадылканович сөз алды, ол ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілген өзгерістер туралы айтты.
2025 жылға арналған бюджеттің 4 деңгейінің параметрлерін нақтылау үшін негіз болды:
- 2025 жылға арналған бюджеттің жоғары тұрған деңгейінен нысаналы трансферттер көлемін өзгерту;
- 4 деңгейдегі бюджеттің өз кірістерін түзету;
Әрбір ауылдық округ бойынша кіріс бөлігінде ұлғайтылған сома және бұл қаражат қайда жұмсалғаны айтылды.
Глубокое ауданының кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жеке құрамына өзгеріс енгізілді.
Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.