Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясының отырысы өтті

Глубокое аудандық мәслихатының кезекті сессиясының отырысы өтті

2025 жылғы 20 қазанда Глубокое аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының отырысы өтті.

Сессия жұмысына 9 депутат, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық басқармалар мен дербес бөлімдерінің басшылары, құқыққорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Глубокое ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.

Глубокое ауданының әкімі Эльдар Лукбекович Тумашинов баяндама жасады.

  1. Глубокое ауданының коммуналдық мүлкін басқару мәселелері бойынша есеп.

Баяндаманы аудан әкімінің орынбасары Евгения Николаевна Литвиненко ұсынды.

  1. Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Тұрақты комиссияның төрағасы Илья Васильевич Елфимов есеп берді.

Сондай-ақ, депутаттар ауданның 2025-2027 жылдарға арналған бюджетіне, әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруіне, ведомствоаралық және сайлау комиссияларының құрамына қатысты мәселелерді қарады.

Қабылданған шешімдер ауданның одан әрі дамуына, коммуналдық мүлікті басқару жүйесін жетілдіруге және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.