Қазақстан-Қытай Комитеті ынтымақтастығының 12-ші отырысына қатысу

Қазақстан-Қытай Комитеті ынтымақтастығының 12-ші отырысына қатысу

 Ағымдағы жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Е. Акбаров қазақстандық делегация құрамында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің (Пекин қаласы ҚХР) отырысына қатысты.

Отырыс барысында Е. Акбаров Қазақстан-Қытай геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кіші комитетінің жұмысы туралы ақпаратты, сонымен қоса, болжамды ресурстарды бағалауды қоса алғанда, "1:1000000 масштабтағы бірлескен геологиялық, тектоникалық және минерагеникалық карталарды жасай отырып, Қазақстан мен Қытайдың шекара маңы аумақтарының геологиялық құрылысын кешенді зерделеу бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу" жобасы шеңберінде орындалып жатқан жұмыстардың нәтижелерін баяндады.