Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кіші комитетінің 12-ші отырысы

Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің  Геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кіші комитетінің   12-ші отырысы

2025 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің Геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кіші комитетінің кезекті 12-ші отырысы өтті.

Отырысты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы – Кіші комитеттің теңтөрағасы Е.Акбаров, Қытай Халық Республикасы атынан Қытай геологиялық қызметінің директоры орынбасары - Сюй Сюеи ашты.

Іс-шара барысында «Пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауды қоса алғанда, 1:1000000 масштабтағы геологиялық, тектоникалық және минерагениялық карталарды құрастыра отырып, Қазақстан мен Қытайдың шекара маңы аумақтарының геологиялық құрылымын кешенді зерттеу бойынша» бірлескен жобасы талқыланды.

Сонымен қатар, Satbayev University мен «Ұлттық геологиялық қызметі» АҚ білім бағдарламалары мен ғылыми-техникалық алмасу бағыттары бойынша Сиянь геологиялық орталығымен ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен жоба бағыттарының түйіткілді мәселелерін талқылап, іс-шараға қатысушыларға ризашылықтарын білдірді.