Академик Болат Түсіпханұлы Нұғманов өмірден өтті

Академик Болат Түсіпханұлы Нұғманов өмірден өтті

Құрметті әріптестер, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі Болат Түсіпханұлы Нұғмановтың 75 жасында мезгілсіз өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз.

Оның геология саласының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, ғылымға деген құштарлығы мен құрметі әрдайым біздің жүрегімізде адалдықтың үлгісі ретінде қалады.  Әріптесіміздің ғылыми мұрасы мен ортақ саламыздың дамуына қосқан еңбегі геология саласының ары қарай дамуына жол көрсетер шырақшы болады деп сенеміз.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Иманы саламат болып, артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін! Болат Түсіпханұлы әрдайым біздің жүрегімізде!